Атырау мен Ақтөбе өңірлерінде волонтерлер штабы құрылды

62

«Қазіргі таңда, әр бағыттағы волонтерлер кезекшілік қызметпен бөлініп жұмыс жасап жатыр. Сондай-ақ өңірдегі кәсіпкерлердің қолдауымен түскі ас, көмек қажет жерге жөнелту үшін арнайы автобустар бөлінді. Атырау облысында ТЖ жарияланғаннан бастап 10 000-ға жуық волонтер қызмет етуде және басқа да облыстың волонтерлерінің қолдауымен өңірге гуманитарлық көмектермен қатар волонтерлер де өз көмектерін көрсетуге келуде», – деді спикер.

Ақтөбе облысында да волонтерлік штаб құрылды. Қазір оның құрамында 8600 адам бар. Олар мессенджерлерде чаттар ашып, сол арқылы эвакуациялау, гуманитарлық көмек жеткізу сынды мәселелерді тез арада шешеді. Еріктілер 174 тонна азық-түлік және 65 тонна гуманитарлық көмекті мұқтаж аудандарға апарып жатыр.

«Енді қазір еріктілер тазалау жұмыстарын қолға алып, сенбіліктер ұйымдастырмақ. Бұл жұмыс жүйелі түрде жүріп жатыр», – деді Ақтөбе облысының еріктілер өңірлік штабының өкілі Мирхан Ермағанбетов.

https://turkystan.kz/article/242005-atyrau-men-a-t-be-irlerinde-volonterler-shtaby-ryldy

Leave A Reply

Your email address will not be published.