Осы жақында ғана монғол жерінен табылған Ғұн ноянының бейітінен әйел адамның кесілген бұрымы шықты. Тарихшылардың айтуынша ол кезде күйеуі өлген келіншектің бұрымын қиып күйеуімен бірге жерлейді екен дейді.
✔️Содан қиған бұрым өсіп қайтадан қалпына келгенше үш жылдай уақыт қажет. Сол уақыт ішінде ол әйелді «қаралы» деп көріп еш жігіт сөз салмайтын болса керек.
☑️Демек шаш қию жесірліктің белгісі…
Мадияр ЕРАЛЫҰЛЫ
Шерхан Мұртаза атындағы руханият және тарихтану орталығы