Астанада жылыту жүйесі ішінара қосыла бастады

62

Астанада ауа райының салқындауына байланысты әлеуметтік нысандар (медициналық мекемелер, мектептер, балабақшалар, спорт нысандары және т.б.) жылыту жүйесіне мерзімінен бұрын қосыла бастады деп хабарлады turkystan.kz.

Қала әкімдігінің мәліметінше, 30 қыркүйектен бастап көппәтерлі үйлер кезең-кезеңімен жылытуға қосылады.

Сондай-ақ елордада елді мекендерді газдандыру жұмысы жүріп жатыр. Алматы және Сарыарқа аудандарындағы үйлерді газға қосу мүмкіндігі толық қамтамасыз етілген.

https://turkystan.kz/article/198081-astanada-zhylytu-zhuyesi-ishinara-kosyla-bastady/

Leave A Reply

Your email address will not be published.