Астанада полиция мен арнайы жасақ сауда орталығын қоршауға алды

159
Астанада полиция мен арнайы жасақ Шәкірәм Құдайбердіұлы даңғылында орналасқан сауда орталығын қоршауға алды. Әлеуметтік желіде оқиға орнында түсірілген видео тарады деп хабарлады turkystan.kz Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.
Куәгерлердің айтуынша, сауда орталығында жарылғыш зат іздеген. Қалалық терроризммен күрес жөніндегі жедел штаб әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа қатысты түсініктеме берді.

«25 наурызда елорда аумағында терроризмге қарсы «Найза-Антитеррор-2023» оқу-жаттығуы өтіп жатыр. Іс-шараның негізгі мақсаты – құқық қорғау және арнайы органдардың сан алуан террористік сипаттағы қауіп-қатерлерге қарсы дайындығын тексеру», – делінген ресми хабарламада.

Осыған байланысты оқу-жаттығуларды барынша шынайы өткізуге басымдық беріліп отыр.

«Сондықтан қала тұрғындарын оқу-жаттығу шараларына, сондай-ақ басқа да шектеулерге түсіністікпен қарауды сұраймыз. Қауіпсіздік шараларын сақтаңыздар және мемлекеттік орган қызметкерлерінің заңды талаптарын орындаңыздар», – дейді штаб мамандары.

https://turkystan.kz/article/217946-keybir-ata-analar-tuberkulezge-karsy-ekpe-aludan-bas-tartady-pralieva/

Leave A Reply

Your email address will not be published.