Астанада митинг ұйымдастырған Марат Әбиев қамауға алынды

162

TDFA (Болашақ сәулетшілері) жобасының жетекшісі Марат Әбиев Астанада рұқсат етілмеген митинг ұйымдастырғаны үшін 15 тәулікке қамауға алынды. Бұл туралы Ulysmedia.kz хабарлайды.

Елордалық сот 26 қарашада Әбиевтің жергілікті атқарушы органның рұқсатынсыз Қорғалжын тас жолы бойында митинг ұйымдастырып, полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбағанын хабарлады.

Оған ҚР ӘҚБтК-нің 488 және 667 баптары бойынша айып тағылды.

Еске сала кетсек, президент ұлықталған күні Марат Әбиев жақтастарымен бірге митинг өткізген болатын. Митингтің видеолары әлеуметтік желіге тарап кеткен. Ulysmedia.kz тілшісі Астанадағы митингте жақтастары ұсталған Марат Әбиевтің қандай ісімен танымал екенін зерттеп көрген.

Leave A Reply

Your email address will not be published.