АППАРАТТЫҚ КЕҢЕСТЕ

118
Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі — М. Сұлтанғалиевтің төрағалығымен кезекті аппараттық кеңес өтті.
Аппараттық кеңестің күн тәртібінде «Бірінші білім саласында атқарылған жұмыстар мен іске асырылатын жоспарлар» туралы қаралды. Бұл жөнінде аудандық білім бөлімінің басшысы І.Баймағамбетов баяндама жасап, аталған мәселеге кеңінен тоқталды.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша аудан әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Ж.Сұлтан «Қаңтар-қараша айларының қорытындысы бойынша ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері мен межелік индикаторлардың болжамды орындалуы және 12 аймен орындау жоспары» туралы баяндады.
Күн тәртібіндегі үшінші мәселе «Мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру мен жүргізу жұмыстарының барысы» бойынша баяндамашы Жаңатас қаласының әкімі Д.Борсықов, Байқадам ауылдық округінің әкімі М.Аймағамбетов және Жайылма ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы С.Нүркенов атқарылып жатқан жұмыстары бойынша хабарлама жасады.
Күн тәртібіндегі мәселелер толық қаралып, тиісті хаттамалық тапсырмалар берілді.
Сарысу ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.