ӘСКЕРИ МІНДЕТТІЛЕР ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫНА АТТАНДЫ

81
Жаңатас қалалық қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімде әскери міндеттілерді оқу-жаттығу жиынына шығарып салу рәсімі өтті.
Сарысу ауданынан Отардағы Гвардейск горнизонында өтетін әскери жиынға 21 азамат аттанды. Олардың қатарында 3 офицер, 18 сержант сарбаз бар.
Шараға Жаңатас қалалық қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімнің бастығы, подполковник Юсуп Сериков, ауған соғысының ардагері Алым Чужбеков, Жаңатас қаласы әкімінің орынбасары М. Бегеев және аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің қызметкерлері қатысты.
Оқу-жаттығу жиынына аттанған азаматтарға әскери оқу-жаттығу жиынының маңызы түсіндіріліп, шараға қатысқан кісілер сәттілік тіледі.
Айта кету керек, бұл әскери жиын Қазақстан Республикасының әскер күшінің жоғарғы деңгейін көрсету және елдің қауіпсіздігін сақтау мақсатында жасалынып жатқан ауқымды әскери жұмылдыру шарасы. Бұл әскери жиынға 1,5 мыңнан аса әскери міндеттілер қатысады.

 

Сарысу ауданы әкімдігі

Leave A Reply

Your email address will not be published.