Ашық есік күні ұйымдастырылды

15

Бүгінгі таңда өңіріміздегі жол-құрылыс саласында өзіндік қолтаңбасы бар «SineMidasStroy» компаниясында қазіргі таңда жол-зертхана шеберлері, арнайы техникаларды жүргізетін операторлар жеткіліксіз. Ал саладағы кадрлық дефицитті жою мақсатында жолшылар хәл-қадірінше еңбектеніп жатыр.

Мәселен, «Жол активтері ұлттық сапа орталығы» өңірлік филиалының қызметкерлері «Ашық есік күні» іс-шарасы аясында жамбылдық жастарға жол саласының барлық бағыттарын түсіндіріп, жұмыс барысындағы артықшылықтар мен мүмкіндіктерді кеңінен айтып, жасөспірімдердің бұл салаға деген қызығушылығын оятуда. Нәтижесінде облыс орталығындағы бірқатар мектептердің жас түлектері болашақта осы мамандықты таңдауға шешім қабылдаған.

Жалпы, бүгінгі жолшылардың әрбір әрекеті автожол саласына тың жаңалықтар әкеліп, технологиялардың жетілуіне және саладағы жаңа серпілістердің келуіне мүмкіндік беретінін естен шығармаған жөн.

Leave A Reply

Your email address will not be published.