Әшір Бүркітбаев ауылында асарлатып үй берілді

159

25 — қазан Қазақстанның Республика күні ұлттық мерекесіне орай, Сарысу ауданы Түркістан ауылдық округіне қарасты Әшір Бүркітбаев ауылында «АСАР» жобасы бойынша күрделі жөндеу жұмыстарынан өткен тұрғын үй пайдалануға берілді. Облыс әкімінің бастамасы бойынша қолға алынған «АСАР ЖОБАСЫ» ауылдық округте осымен төртінші рет іске асырылды. Қазақ халқының кейінгі кезде ұмыт бола бастаған игі ісі мереке күні Әшір Бүркітбаев ауылының тұрғыны Қайсарбеков Ерланның шаңырағына шаттық сыйлады. Соғылып пайдалануға берілген тұрғын үйге 60 жылдан астам уақыт өтіп ескіріп, тозығы жеткен болатын. Осы қайырымды істі Түркістан ауылдық округінің әкімі Ахан Амангелдіұлы Шортанбаев бастап, округтен шыққан кеңпейіл азаматтар қостап бір отбасыға қуаныш сыйлады. Тұрғын үйдің ашылу салтанатында Сарысу ауданы әкімдігінің қаржы бөлімінің басшысы Имашев Ерлан Оспанбекұлы құттықтау сөз сөйлеп, ауылдан осы қайырымдылық шараға көмек қолын созған барша азаматтарға шексіз алғысын білдірді…

 

Жанысбек Байысбекұлы Арыстанбеков Әшір Бүркітбаев ауылының тұрғыны

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.