«АС — ЕР» МАЛ БАЗАРЫНДА ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛІП, ЖАДЫНАМАЛАР ТАРАТЫЛДЫ

101

Интернет алаяқтық — бұл интернетті қолдану арқылы жасалатын алаяқтықтың бір түрі. Ол ақша мен мүліктің құрбандарын бопсалау мақсатында ақпаратты жасыруды немесе теріс ақпарат беруді қамтуы мүмкін. Қылмыскерлер әлеуметтік желідегі инженерингті тиімді пайдаланып, қолданушыларға ақша аудартады немесе олар туралы жеке ақпараттарды алып, сол арқылы жеке шоттардағы ақшаны аударып алады.

Интернеттің мүмкіндігін қылмыстық іс-әрекеттерін жүзеге асыру үшін оңтайлы пайдаланып жүрген алаяқтардың әдіс-тәсілдері күн сайын өзгеріп, жаңарып отырады.

Жамбыл аудандық полиция бөлімінің ұйымдастыруымен қылмыстың әлеуметтік желілер арқылы жасалатын түрлері бойынша сақтану жолдары туралы қысқаша жадынамалар әзірлене отырып тұрғындарға таратылып, адам көп шоғырланатын Аса-Тараз тас жолында орналасқан «Ас-Ер» мал базарында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Шара барысында тұрғындарға алаяқтықтан сақ болудың қарапайым қауіпсіздік шаралары, яғни дербес деректерді, пластикалық карталардың мәліметтерін, кодтарды және құпия сөздерді ешкімге хабарламауға, белгісіз тексерілмеген сайттар арқылы төлемдер жүргізбеуге, күмәнді мәмілелер бойынша ақша аударымдарын жүзеге асырмауға, ұялы телефондар мен компьтерлерге белгісіз қосымшаларды орнатпауға, кез-келген сілтеме бойынша өтпеуге, спам хабарламаларға сенбеу жөнінде кеңінен түсіндірілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.