Әріптестердің құрметі мен алғысына лайықты жан

703

Құрметті Алтын Шакиқызы!

Сіз Қылмыстық-атқару жүйесіндегі көп жылдар бойы жемісті еңбек етіп, тындырымды істер атқарып келесіз. Әріптестеріңізге осы бір саланың қыр сырын үйретуден жалыққан емессіз. Бүгінде ұжымымыз Сізді үлкен абырой-беделге ие болған тәжірибелі үздік тәлімгер маманы ретінде мақтан тұтады.
Сіздің қызметтегі жылдарыңыз өзіңізбен бірге өмір сүрген және бірге қызмет атқарған адамдардың құрметі мен алғысына лайықты.
Өз алдыңызға нақты мақсат қойып және соған жетуге деген күш жігеріңізді аяған емессіз.
Денсаулығыңыз мықты, жүзіңіз жарқын, ғұмырыңыз ұзақ та мағыналы болсын ізгі ниетпен Сізге бақыттың баяндысын, даулет ырыстың сыр суындай сарқылмасын, табыс-тартулардың тау суындай таусылмасын тілейміз. Әрқашан мерейіңіз үстем, мәртебеңіз биік болсын!

Ізгі ниетпен: Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД ЖД-158/1 мекемесінің арнайы есеп бөлімі

Leave A Reply

Your email address will not be published.