Андрей Аршавин «Қайраттан» кетті

649

Алматылық «Қайрат» футбол клубы 37 жастағы ресейлік футболшы Андрей Аршавинмен қоштасты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Рахмет, Андрей Сергеевич!», — деген жазба қалдырылды «Қайрат» ФК Инстаграм парақшасында.

Айта кетерлігі, ресейлік бүгін алматылық клубтың сапында қоштасу матчын өткізген болатын. Аршавин екінші таймда алаңға шығып, қос команданың арасындағы кездесу 0:0 есебімен аяқталды.

«Қайрат» сапында үш маусым өткізген Андрей Аршавин 100 матчта 30 гол салып, 37 нәтижелі паспен жанкүйерлердің есінде қалды. Клубпен бірге ол үш рет ел чемпионатының күміс медалін, Қазақстанның Кубогы мен Суперкубогын иеленді. Бұған дейін Андрей футболдан кететінін хабарлап, «Қайраттан» кейін басқа клубтармен келісімге келуді ойластырып отырмағанын айтқан еді.

Андрей Аршавин «Қайрат» командасына 2016 жылдың наурыз айында келген болатын. Жартылай қорғаушы оған дейін «Зенит» құрамында ойнап, «Зенитпен» бірге  УЕФА Кубогы мен Суперкубогында жеңіске жетіп, Еуропа чемпионатының қола жүлдегері атанған болатын.

inform.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.