Түркістанға жарысқа бара жатқан 3 жасөспірім жол апатынан көз жұмды

Көрнекі фото: istockphoto

Түркістанға жарысқа бара жатқан 3 жасөспірім жол апатынан көз жұмды: 25 сәуір 2026, жаңалықтар Turkystan.kz

Қайғылы жол апаты 22 сәуір күні Арыс-Шардара автожолында болған.

Полицияның хабарлауынша, «Chevrolet Cobalt» және «КамАЗ» көліктері соқтығысқан.

«Апат салдарынан жеңіл көліктің үш жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. «Chevrolet Cobalt» жүргізушісі және тағы бір жолаушы медициналық мекемеге жеткізілді. Жүк көлігінің жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамалды», — делінген облыстық полиция департаментінің хабарламасында.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, көлік тізгіндеген жаттықтырушымен бірге кәмелетке толмаған спортшы жасөспірімдер Түркістан қаласына жарысқа бара жатқан.

Алайда кәмелетке толмағандарды тасымалдау бойынша уәкілетті мемлекеттік органдарға, оның ішінде полицияға хабарлама берілмеген.

Қазіргі уақытта жол-көлік оқиғасына байланысты барлық мән-жайларды анықтауға бағытталған қажетті іс-шаралар жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Толық нұсқасына гиперсілтеме беруді ұмытпаңыз: https://turkystan.kz/article/280415-turkistanga-zarysqa-bara-zatqan-3-zasospirim-zol-apatynan-koz-zumdy

Comments (0)
Add Comment