Әлеуметтік желіден
Нұржас Садырбаев Димаш Құдайберген продюсерлік еткен халықаралық жобаның жеңімпазы атанды: 24 сәуір 2026, жаңалықтар Turkystan.kz
Қазақстандық өнерпаз Нұржас Садырбаев Voice Beyond Horizon жобасында бірінші орынды иеленіп, «Даңқ жұлдызы» атағына ие болды, деп хабарлайды Dimashnews.com сайты.
Voice Beyond Horizon жобасы Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайбергеннің бастамасымен жүзеге асырылып, Түркістанда бастау алып, Ақтау мен Алматы қалаларында жалғасын тауып, бас қала Астанада қорытындыланған.
Қытай, Қазақстан, Малайзия, Сербия, Италия және Қырғызстан елдерінен келген сегіз қатысушы сапарларын бірге бастап, Қазақстанның киелі жерлерінің даналығы мен көркемдігіне куә болған.
Димаш Құдайберген өзінің Instagram-дағы парақшасында байқау жеңімпазы Нұржас Садырбаевты құттықтап, жұртты оған қолдау білдіруге шақырды.
«Қытайдың ең ірі телеарналарының бірі – Hunan TV арнасында өткен Voice Beyond Horizon халықаралық байқауында жеңіске жеткен Нұржас Сыдырбаевты шын жүректен құттықтаймын.
Нұржас Қазақстанды лайықты деңгейде таныстырып, өзінің талантымен көрермендердің ықыласына бөленді», — деп жазды Димаш Құдайберген.
Толық нұсқасына гиперсілтеме беруді ұмытпаңыз: https://turkystan.kz/article/280321-dimas-qudaibergen-prodiuserlik-etken-xalyqaralyq-zobanyn-zenimpazy-anyqtaldy