«Уақытты қалай қолдансаң – өмірің солай қалыптасады»

Ағымдағы жылы аудан әкімдігі жанынан құрылған жұмысшы топ мүшелері – аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сейтхан Жұмашев пен аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Ерназар Жүзбаев А.Байтұрсынов және Б.Момышұлы атындағы мектептердің 9–11 сынып оқушыларымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында жастарға құқықтық сауаттылықты арттыру, уақытты тиімді жоспарлау, сондай-ақ дұрыс тамақтану мәселелері бойынша кеңінен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Ерназар Жүзбаев жасөспірімдерге өз болашағына жауапкершілікпен қарау және уақытты ұтымды пайдалану маңыздылығын атап өтті.
Кездесу соңында оқушылар пікір алмасып, өздерін толғандырған сұрақтарына жауап алды.
Мұндай кездесулер жастардың дұрыс бағытта қалыптасуына оң ықпал етеді.
Comments (0)
Add Comment