«AMANAT» партиясының сайлауалды штабы Ұлытаудағы кездесулерін жалғастырды

67

«AMANAT» партиясының Республикалық сайлауалды штабының мүшесі Жұлдыз Сүлейменова жаңадан құрылған облыстың сайлаушыларымен кездесті.

Ол Жезқазған бизнес және көлік колледжінде болып, бірінші кезекте оқытушылар мен студенттерге «AMANAT» – та білім беру саласын жетілдіруге бағытталған бірқатар бағдарламалар қабылданғанын айтты.

Сүлейменова «AMANAT» – әлеуметтік әділеттілікті және барлық азаматтар үшін тең мүмкіндіктер жасауды жақтайтын партия екеніне назар аударды.

2023 жылдың 1 қыркүйегінен бастап студенттерді қабылдауды бастайтын Жезқазған қаласындағы политехникалық колледж базасында мемлекеттік техникалық университеттің ашылуына ықпал жасайтынын тілге тиек етті.

«Елде айтарлықтай өзгерістер жүріп жатыр. Бұл – 19 наурызда өтетін сайлау. Ел тағдыры сіздің қолыңызда», – деп атап өтті республикалық сайлауалды штабының мүшесі.

Жұлдыз Досбергенқызы көпсалалы облыстық ауруханада болды. Кездесу барысында ол «AMANAT» партиясының жауапкершіліктен қорықпайтынын, үлкен саяси тәжірибесі бар екенін және алдағы жылдары іске асырылатын нақты жоспарларды ұсынатынын айтты.

Жұлдыз Сүлейменова осы медициналық мекеменің материалдық-техникалық базасын жақсартуға байланысты бірқатар дәрігерлердің ұсыныстарын тыңдады.

Қазір Үкіметтің халық үшін көптеген жақсы жаңалықтары бар. Биылғы сайлауға қатысуға шешім қабылдаған үміткерлердің едәуір пайызы – жастар.

Партия халықтың әл-ауқатына ерекше назар аударады. Сондықтан республикалық сайлауалды штабтың мүшесі Ұлытау облысы тұрғындарының  ұсыныстарын тыңдау мақсатында  «Шаруа» базарында және «Мечта» сауда үйінде экспромт-кездесу өткізді.

«AMANAT» партиясының сайлауалды штабы Ұлытаудағы кездесулерін жалғастырды

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.