Алматыда көліктің терезесін шағып, мүлкін ұрлауға дәніккендер ұсталды

88

Көлік ішіндегі мүлікке қол салуды әдетке айналдырған екі алматылық  ұсталды. Олардың көлік заттарын ұрлауға қалысты 20-дан астам қылмысы әшкереленді деп хабарлады turkystan.kz Адырна ұлттық порталына сілтеме жасап.

Полиция қызметкерінің хабарлауынша, 28 жастағы Г.есімді азамат пен оның құрдасы Н.есімді азамат көлік салонынан бірнеше мәрте ұрлық жасады деген күдікке ілінген.

«Ұрлық дерегі бойынша жергілікті тұрғын арызданды. Оның айтуынша, белгісіз біреулер Volkswagen Touareg көлігіне әйнекті сындыру арқылы кіріп, жеке мүлкін ұрлап кеткен. Жәбірленушіге келтірілген шығын 1,5 млн теңгені құрайды. Жедел-іздестіру іс-шараларының барысында біздің бөлімше қызметкерлері ұрланған заттарды сатып алушылардың және қаскөйдің ізіне түсті. Күдіктілердің ауданымызда 10, қалада 20-дан астам қылмыс жасағаны анықталды. Ұстау кезінде олардан, ұрланған қару тәркіленді», – дейді Әуезов аудандық полиция басқармасының бастығы Ұлан Әбілқайыр.

Көлік құралдарының қарақшылары бұған дейін бірнеше рет сотталған. Қазіргі уақытта құрықталғандар жасаған қылмысын толық мойындап отыр. Олар уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.