Алматыда ең үздік вайнерлер мен блогерлер аталды

704

Алматыда Қазақстанның танымал блогерлері мен вайнерлері марапатталды.

 Қазақстандық Медиаальянс құрған республикалық блогосферасы саласында Social Media Awards сыйлықтарды 13 номинацияда табыс етті. Енді жыл сайын өткізілетін жаңа кәсіби марапаттаудың басты мақсаты — блогосфераның өзекті трендтерін, ерекше контентті, пікірталас тудыратын топ көшбасшыларын және жылдың ең резонанс, ең маңызды оқиғаларын атап өту.

«Үздік блогерлерді біз таңдағанымыз жоқ. Халық таңдап алды. Бұл жердегі басты қазылар алқасы сіздер болдыңыздар. Өз лайктарыңызбен, өзара пікірталастарыңызбен. Бүгін сыйлыққа ие болған жеңімпаздарымызды сіздер өте жақсы тануыңыз керек», — деді Қазақстандық Медиаальянстың атқарушы директоры Совет Сеитов.

Үздік business-блогер болып Қайрат Құдайберген өзінің миллионнан астам оқырманымен атанды. Ал Данат Алиев өзінің 105 мың оқырманымен саяхаттаушы блогерлер арасында бірінші болды.

Fashion-блог номинациясында Динара Сәтжан (640 мың оқырманы бар) жеңді. Beauty — саласындағы беделді орынға Женя Гейн ие болды. Оның Іnstagram желісіндегі парақшасында 162 мың оқырманы бар.

Қазақстандық Медиаальянстың шешімі бойынша, Instagram әлеуметтік желісінде ең үздік вайн-жоба — Yuframe тобы. Олардың парақшасына 3,3 миллион адам жазылған. Ал ең танымал балалар арасындағы блогер Амина Малғаждар («Аминка Витаминка») танылды — 1,9 миллион оқырманы бар.

Сондай-ақ ұйымдастырушылар Айжан Байзақованың telegram-арнасын атап өтті. 373 мың көрермені бар ең үздік YouTube-арнасы Jokeasses тобы болды. Танымал Facebook блогері әрі продюсер Нұртас Адамбай да марапатталды.

«Достар көп рақмет, мен Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшамда жазғандарым үшін бүгін мараппаталып отырмын. Осындай іс-шараларды ұйымдастырғандарға рақмет», — деді Нұртас Адамбай.

Блогтарын қазақ тілінде жүргізген Ләйлә Сұлтанқызын мемлекеттік тілдің дамуына үлес қосып жүрген блогер деп марапаттады. Ең үздік healthy-блогер Әйгерім Жами болды. Әдеби жобаға үлесін қосып жүрген Ibookyoukz те,  назардан тыс қалмады.
 

tengrinews.kz 

Leave A Reply

Your email address will not be published.