Алматыда арзан пәтер алып беремін деп тұрғындарды алдаған әккі алаяқ ұсталды

324

Алматы тұрғындарын кепілсіз несие және мемлекеттік бағдарлама бойынша пәтер алып беремін деп алдаған 55 жастағы Солтүстік Қазақстан облысының тумасы ұсталды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, әккі алаяққа 25-тен аса адам алданған.

«Азаматша А. 2019 жылдан бері тұрғындарға екінші деңгейлі банктерден ақшалай несие алуға, төмен пайызбен көлік алуға, мемлекеттік бағдарлама бойынша пәтер алуға көмектесемін деп жалған уәде берген.

Салым сомасы қызметіне байланысты өзгеріп отырған. Көлік сатып алушыдан 1,1 миллион теңге, пәтер сатып алу үшін 3,5 миллион теңге алған. Тергеу барысында 25 эпизод белгілі болды. Қылмыстық істер ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тергеліп жатыр», — деді Бостандық аудандық полиция бөлімінің бастығы Думан Аухадиев.

Әйел 2006 жылы осыған ұқсас қылмыс жасағаны үшін сегіз жыл сотталып шыққан, жазасын өтеп шыққаннан кейін де алаяқтық әрекет жасағаны үшін бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.