Қазақстандық тағы бір қалаға Уфадан рейс ашылады

86

Red Wings әуекомпаниясы Уфадан Ақтауға рейс ашуға Росавиациядан рұқсат алды, — деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі «Башинформ» агенттігіне сілтеме жасап.

Басылым РФ Федералдық әуекөлігі агенттігінің бұйрығына сілтеме жасап, Башқұртстан астанасы Уфадан әуекемелері енді Ақтауға да ұшатын болады деп хабарлайды.

Рейстің қашан ашылатыны белгісіз. Әуе тасымалдаушысының ресми сайтында Уфадан Ақтауға рейстің пайда болуы туралы әзірге ақпарат жоқ.

Бұған дейін Уфадан Нұр-Сұлтан мен Алматыға Red Wings ұшулары бастау алған болатын.

Сонымен қатар, Уфадан Қазақстан астанасына ресейлік «Азимут» компаниясы ұшады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.