Алматыда алдағы үш күнде көктайғақ болуы мүмкін

118

Көлік иелеріне жазғы дөңгелектерді қысқысына ауыстыру ұсынылады. Жолдар көктайғақ болуы мүмкін. Әкімдік жүргізушілерді абай болуға, қауіпсіз қашықтықты, бүйірлік аралықтарды сақтауға, қолайсыз ауа райы жағдайларын ескере отырып, жылдамдықты таңдауға, кенеттен маневр жасауға жол бермеуге, жол белгілерінің нұсқауларын қатаң сақтауға шақырды.

Сондай-ақ жаяу жүргіншілерге қауіпсіздік нормаларын сақтауға, жолдың жүру бөлігін мұқият кесіп өтуге, жүргізуші сізді көріп, өтуге мүмкіндік беретініне көз жеткізуге, сондай-ақ көктайғақ кезінде көліктің тежеу қашықтығы ұзағырақ болуы мүмкін екенін есте ұстауға кеңес берілді.

«Коммуналдық қызметтер мұздан тазарту жұмыстарын жедел және сапалы жүргізу үшін көлік иелерінен мүмкіндігінше қаладағы көлік қозғалысын шектеуді және көліктерді жол жиегіне қоймауды сұраймыз», — деді әкімдік.

Мұзды тазалау жұмыстарын жүргізуге 10 мердігер ұйым, 818 бірлік техника және 1240 жол жұмысшысы жұмылдырылды.

 

https://turkystan.kz/article/236276-almatyda-alda-y-sh-k-nde-k-ktay-a-boluy-m-mkin

Leave A Reply

Your email address will not be published.