Алматы тауларында қар көшкіні жүруі мүмкін

90

Алматы қалалық ТЖД мен «Қазселденқорғау» мекемесі 10-11 қараша аралығында Үлкен және Кіші Алматы су алаптарында жауын-шашынның түсуіне және қар жамылғысының тұрақсыз болуына байланысты қар көшкіні жүруі мүмкін екенін хабарлады.

«Осыған байланысты қар басқан беткейлерге шықпаған жөн. Мүмкіндік болса тауға барудан бас тартқан дұрыс.Тауда қалып қалған туристер мен демалушылар болса, барлық қауіпсіздік шараларын сақтауды сұраймыз», — делінген хабарламада.

 

https://turkystan.kz/article/236248-almaty-taularynda-ar-k-shkini-zh-rui-m-mkin

Leave A Reply

Your email address will not be published.