Ауылдардағы сайлау учаскелері үзіліссіз жұмыс жасайтын болады.
Комиссия мүшелерімен бірге Әнұранды тыңдап, дауыс беріп үлгерген тұрғындар да бар.
Алғашқылардың бірі болып дауыс берген Жамбыл облысының және Қордай ауданының Құрметті азаматы Т.Сүгірбай Д.Қонаев атындағы орта мектепте орналасқан №240 сайлау учаскесіне барып, өз таңдауын жасады.
«Бұл саяси науқанның елдің дамуы мен болашағында маңызы жоғары. Сондықтан да, береке-бірліктің үлгісін көрсетіп, ел болып жұмыла атқарайық, ағайын»,– деп ақсақал өзінің сайлауға қатысты пікірін білдірді.
Сайлау учаскелері жергілікті уақытпен сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді.