АЛДАҒЫ ЖҰМЫС БАҒЫТЫ АЙҚЫНДАЛДЫ

182
Бүгін аудан әкімі Бақытжан Жәнібеков аудан әкімдігінің аппаратымен, бөлім басшыларымен жиын өткізіп, алдағы жұмыстың бағытын айқындады.
Басқосу барысында аудан әкімдігіне қарасты барлық қызметкерлерге, сала басшыларына халықпен етене жұмыс істеу үшін әуелі ашықтық керектігін ескертіп, жоспарлы жұмысты бір жүйеге келтіру керектігін жеткізді.
«Жергілікті жұртшылықты толғандырған мәселенің шешімін табу үшін кері байланыстың болуы аса маңызды. Сол себепті де бұл бағыттағы жұмыс бір жолға қойылып, тұрғындармен тікелей жұмыс істеуге бейімделетін боламыз. Алдағы уақытта тұрғындардың талап-тілегін орындау, облыс басшысының тапсырмалары мен алдағы мақсат-міндетті жүзеге асыруда бірге жұмыс істейміз» — деді аудан басшысы Бақытжан Оразалыұлы.

Шу ауданы әкімдігі

Leave A Reply

Your email address will not be published.