ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

214
Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының басшылығы, Жамбыл облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшылығы және Жамбыл облысы бойынша «Өрлеу» филиалының директорымен кездесу өткізілді.
Кездесуге облыстық білім басқармасының басшысы Мейірхан Азатұлы, Жамбыл облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Дамеш Шайхықызы, Жамбыл облысы бойынша «Өрлеу» филиалының директоры Сұлушаш Сәтбекқызы, басқарма басшысының орынбасарлары Айдын Орынбекқызы мен Күнімжан Абдилаканқызы, департамент басшысының орынбасары Жасұлан Бекболатұлы қатысты.
Кездесу барысында педагог кадрлардың біліктілігін арттыру бағыты, білім мекемелерінің мемлекеттік аттестациядан өту барысы, білім беру ұйымдарының материалдық техникалық базасын нығайту, білім беру сапасын арттыру сынды өзекті мәселелер талқыланды.
Сонымен қатар, өзекті мәселелерді шешу жолдары ұсынылып, жоспарлар қаралды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.