Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

35

Қазгидромет 4, 5, 6 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Алдағы күндері ауа райына Баренц теңізі аумағынан ығысып келген циклон әсер етеді, сондықтан елдің көп бөлігінде жаңбыр мен қар жауады.

Қазақстан бойынша тұман түсіп, көктайғақ болып, боран соғып, жел тұрады.

«Түнде ауа температурасы елдің батысында, солтүстік-батысында 0-8 градус аязға дейін, солтүстігінде, орталығында 5-15 градус аязға дейін, шығысында 7-18 градус аязға дейін, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында 8 градус аязға дейін — 2 градус жылы болады», — деп жазылған ақпаратта.

Ж. Қадыржанова

Фото: Tengrinews.kz/ Әлихан Сәриев

Leave A Reply

Your email address will not be published.