Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

61

13-14 ақпанда фронтальды бөлімдер өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады. Жаңбыр мен қар жауады. Солтүстік өңірлерде қатты қар жауады, бұрқасын, көктайғақ құбылыстары күтіледі. Сондай-ақ, ауа температурасы батыста 5 градус аяз, 5 градус жылыға дейін, солтүстік, орталық шығыс өңірлерде 5 градус аяз, 2 градус жылы температураға дейін көтіріледі.

«15 ақпанда циклон Қазақстан аумағынан жылжып, оның соңынан арктикалық антициклон енеді, осылайша республиканың солтүстік жартысында аяз болады. Еліміздің батысында, солтүстік-батысында және солтүстігінде 15 ақпанда ауа температурасы түнде 22-32 градус, күндіз 15-27 градус аязға дейін төмендейді. Еліміздің қалған аумағында күрт өзгерістер болмайды», — деп жазылған хабарламада.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова

Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/basty-zhaalytar-438/101126/?fbclid=IwAR37ozRtHBI4OGcpSq4y-57vqHpLjfQnh47jHj5EJQbZfC24G-gwE-mOerU

Leave A Reply

Your email address will not be published.