Синоптиктердің мәліметінше, мына өңірлерде қатты жаңбыр жауады:
- 16 маусымда Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарында;
- 18 маусымда Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарында.
Күндіз ауа температурасы еліміздің оңтүстік-батысында және оңтүстігінде +35…+40°С-қа дейін көтеріліп, қатты ыстық болады.
«Солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде де ауа температурасы +35…+38°С-қа дейін жоғарылап, қатты ыстық сақталады. Елдің қалған аумағында температуралық фонда айтарлықтай өзгерістер күтілмейді», – делінген хабарламада.
Фото: ЖИ арқылы жасалды/Google Gemini