«Ақымақтың ісі»: Блогер Ырысбала Икрамбай Назарбаев қорының марапатынан бас тартты

274

23 ақпан елордада «Қайырымдылық керуені» байқауының жеңімпаздары марапатталды. Үміткерлер арасында блогер Ырысбала Икрамбай да бар. Алайда ол ұйымдастырушылардың әрекетіне көңілі толмай, сыйлықтарын алмай қойған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі блогердің Instagram парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Блогер Ырысбала Икрамдайдың айтуынша, Астанада өткен Назарбаев қорының «Қайырымдылық керуені» алтыншы рет өтіп жатыр екен. Қордың марапатына блогерді Шымкент қаласының әкімдігі ұсыныпты.

«Астанадағылар мен секілді қайырымдылықпен айналысып жүргендерді іріктеген. Әрбір өңірден келген жұмыстармен танысқан. Мен республикалық деңгейге өтіппін. Сосын мені марапаттау рәсіміне шақырды. Таңертең репетиция болады. Алтыншы рет өтсе де, соны ұйымдастырушылардың қай жерлерімен ойланатынын түсінбедім. Атқарылған қайырымдылыққа бірінші, екінші, үшінші орындар тағайындаған. Сонда қайырымдылық адамның берген орынымен бағалана ма? Қайырымдылық деген ең бірінші Алланың разылығы үшін жасалады», – деді Ырысбала Икрамбай.

Ол қайырымды жан мұндай ізгі-ниет іс-шарасын ешкімнен ештеңе күтпей істейтінін, ақкөңілмен жасайтынын еске салып өтті. Бірақ Нұрсұлтан Назарбаев қоры мен «Қайырымдылық керуені» ұйымдастырушыларының әрекеті блогердің көңілін қалдырған.

«Сіздер оны қалай орынмен бөлесіздер? Менің істеп жатқан қайырымдылық жұмыстарымды «Мейірім жолында» деген номинацияның үшінші орынына лайық деп таныдық деп тұр. Өзі 7 номинация бар екен. Сендер қайырымдылыққа орын беретін кімсіңдер? Бұл не деген ақымақтық? Ол баста орын беретінін білмеппін. Әйтпесе, мұндай ақымақ істеріне барып, үлесімді қоспайтын едім. Маған орынды да, бағаны да беретін – халық. «Ақымақ бас екі аяқтың соры» деп Астанаға дейін келдім. Үшінші орын үшін беріп жатқан сертификат, қола медалі бар екен, итке сүйек лақтыратындай үлестіретін сыйлықтары маған керек емес. Үшінші орынды алып, өз құнымды түсірмеймін. Сендер үшін қайырымдылық істеп жатқан жоқпын деп, есікті тарс жауып кетім қалдым», – деп жазды блогер.

Ол жай мотивация үшін алғыс хат берсе риза болатынын жеткізді. Себебі қайырымдылық істі орындарға бөлгені жүйкесіне тиіпті.

Фото: irisbala_ikrambai_official

Instagram парақшасынан

Leave A Reply

Your email address will not be published.