18 тамыз — ШЕКАРАШЫЛАР КҮНІ!

127

Аудан әкімі Мұртаза Жалғас Алижанұлы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі «Бауыржан Момышұлы» шекара заставасының қызметкерлері мен сарбаздарын 18 тамыз – Шекарашылар күнімен құттықтады.

Салтанатты жиынға аудан әкімінің орынбасары А.Ахметова, аудандық мәслихаттың төрағасы З.Бүрлібаев, ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Жұмашев, аудан әкімінің бас инспекторы Б.Жексекеева қатысты.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы салтанатты түрде ортаға әкелініп, Гимн орындалды.

Аудан әкімі Мұртаза Жалғас Алижанұлы шекара сақшыларын төл мерекелерімен құттықтап, тәуелсіздігіміз бен тұтастығымызды, тыныштығымыз бен бейбіт тірлігімізді қас қақпай күзетіп тұрған шекара қызметкерлері мен сарбаздарын Жуалы ауданы әкімінің Алғыс хатымен марапаттады.

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметінің ардагері Қошан Жайлауұлы құрылғанына 31 жыл толған шекара қызметкерлерін мерекелерімен құттықтады.

Жастар атынан үн қосқан Төрен Нұртілеу Жуалының 95 жылдығына орай заставаға ұлт рухының, ұлт ар-намысының қамы болған Бауыржан Момышұлының есімін берілуін ұсынды.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы салтанатты түрде ортадан шығарылды. Сондай-ақ, ауылдық округтерден келіп жиынға қатысушыларға Отан қорғау ер азаматтық борышы екенін жасөспірімдердің саналарына сіңдіру, патриоттық сезімін ояту, әскерге шақыру мақсатында «Әскердегі бір күн» акциясы өткізілді.

Аудан әкімінің бас инспекторы Бақытгүл Жексекеева жеке құрамды төл мерекелерімен құттықтап, өзінің еңбек жолындағы тәжірибелермен, естеліктермен бөлісті.

Ел қорғанында жүрген жаужүрек, қайсар мінезді шекара сарбаздарының рухын Жуалы аудандық Мәдениет үйінің өнерпаздары патриоттық әндерімен асқақтатты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.