Ақтаудағы ұшақ апатын дронмен түсірген блогер бостандыққа шықты

40

Азамат Сәрсенбаев әкімшілік жазасын өтеп болған соң, желіде жазба жариялады.

Ақтаудағы ұшақ апатынан кейінгі жағдайды дронмен видеоға түсіргені үшін 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынған блогер Азамат Сәрсенбаев бостандыққа шықты.

Азамат Сәрсенбаев әкімшілік жазасын өтеп болған соң, желіде жазба жариялады.

«Сәлем, 2025 жыл..! Ер адамның басынан не өтпейді!?

Осы 10 күн оқшауланып, үйден 150 шақырым жерде мен тек осы сөздерді санамда қайталай бердім. Шынымды айтсам, мен бұл тәжірибеге қуаныштымын, өйткені мен өзімнің ұстанымдарыма бұрынғыдан да берік, күшті және иілмейтін болып кеткенімді сезіндім. Жалпы көп нәрсе жазғым келеді.

Қалғанын кейінірек айтамын…», – деп мәлімдеді блогер.

фото: instagram

https://turkystan.kz/article/254139-aktaudagy-ushak-apatyn-dronmen-tusirgen-bloger-bostandykk-a-shykty

Leave A Reply

Your email address will not be published.