Ақтауда жаңбырдан кейін көшелерді су басты – видео

552

Ақтауда толассыз жауған жаңбыр салдарынан көшелерді су басты. Қатты желден ағаш көліктің үстіне құлаған.

Жергілікті биліктің мәліметіне сәйкес, осы уақытқа дейін қала көшелерінен 19 398 текше метр су сорып алды. Ал 13-ші шағын ауданда қатты желдің салдарынан ағаш көліктің үстіне құлаған.

Ақтауда 28 шілдеге қараған түні толассыз жаңбыр жауды. Осыған байланысты «Қала жолдары» ЖШС жұмысшыларын күшейтілген режимге көшіруге тура келді. 15 маман түні бойы суды сорып, сыртқа шығарып отырған. Оларға бес мотопомпа, бойлер көлігі және «ГАЗель» берілген.

Қазіргі кезде суды сору жұмыстары жалғасып жатыр. Оған «Қала жолдары» ЖШС мен төтенше жағдайлар департаментінен 55 адам тартылды. 14 мотопомпа, үш бойлер мен үш «ГАЗель» жұмыс істеп жатыр.

Sputnik Қазақстан

Leave A Reply

Your email address will not be published.