Ақтауда әйел футбол ойнап жүрген баланы ұрған

85

Оқиға Ақтаудағы 17 шағынауданда №54 үйдің маңындағы футбол алаңында болған, деп хабарлады turkystan.kz lada.kz сайтына сілтеме жасап.

Видео авторының айтуынша, балалар футбол ойнап жүрген. Бір кезде балалардың бірі тепкен доп екінші балаға тиген.

«Доп тиген баланың әжесі немересін қорғап, ренжіткен баланы ұра бастаған. Зардап шеккен баланың анасы бұл уақытта қалада болмаған, ал әкесі жұмыста болған», – дейді куәгер.

Полиция департаментінен хабарлағандай, тәртіп сақшылары аталған мекенжай бойынша тексеру жүргізген және факті расталған. Оқиға 14 шілдеде болған. 15 шілде күні кешкісін таяқ жеген баланың ата-анасы облыстық балалар ауруханасына жүгінген.

«64 жастағы әйелге ҚР Әкімшілік кодексінің 73-1 бабы (Денсаулыққа қасақана жеңіл жарақат келтіру) бойынша хаттама толтырылып, шешім қабылдау үшін әкімшілік сотқа жіберіледі», – деп мәлімдеді ведомстводан.

https://turkystan.kz/article/227979-aktauda-eyel-futbol-oynap-zhurgen-balany-urgan/

Leave A Reply

Your email address will not be published.