Ақтауда ауыз су тапшылығының себебі айтылды

50

су сток

 

Кәсіпорын дерегіне сәйкес ауыз су тапшылығының негізгі себебінің бірі ретінде Ақтаудағы жылумен жабдықтау жүйелерін қамтамасыз ету кезеңінде оларды толтыру үшін ауыз судың үлкен көлемі жұмсалғанын атап өтті. Оның үстіне жылыту маусымы басталғаннан бері «МАЭК» ЖШС өндіретін ауыз судың бір бөлігі қала тұрғындарын ыстық сумен қамтамасыз ету үшін пайдаланылып келеді екен.

«Каспий» су тұщыту зауытын кеңейту жұмыстары соңғы сатыда тұр. Ауыз су өндірісін ұлғайта отырып, кезең-кезеңімен іске қосу жоспарланып отыр. Сондай-ақ Күйліс-Бор кен орнынан (ұзындығы 46 шақырым) су құбырын реконструкциялау бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталу сатысында тұр», – делінген хабарламада

«МАЭК» аталған су құбыры арқылы жұмыстар аяқталғаннан кейін қалаға су беруді ұлғайтуға болатынын атап өтті.

Айта кетейік, Ақтауда су мәселесі шілде айынан бері байқалуда. Жаздың ең ыстық күндерінде ЦУВС-4 резервуарларындағы су деңгейі өте төмен деңгейде болды.

Фото: pixabay.com

https://stan.kz/aktauda-auiz-sudin-ne-ushin-zhetispeytini-aytildi-408970/

Leave A Reply

Your email address will not be published.