Нью-Йоркте «АҚШ аруы-2019» Чесли Крист 60-қабатты ғимараттан секіріп қаза болды, — деп хабарлайды New York Post және TMZ-ге сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға 30 қаңтар, жексенбіде таңғы уақытта болған. 30 жастағы арудың денесі қала орталығында 42-ші көшеде табылды.
Чесли Крист өлі табылған жер. © NYPost
Өлімінен бірнеше сағат бұрын Чесли Instagram-да өз суретін жариялап, «Бұл күн бейбітшілік пен тыныштық әкелсін» деп жазба жариялаған.
Дереккөздердің айтуынша, Крист өзінің мүлкін анасына — бұрынғы сұлулық байқауының қатысушысы, «Солтүстік Каролина миссисі — 2002» титулының иегеріне қалдырғаны туралы жазба қалдырған. Суицидтің себебі жазбада айтылмаған. «АҚШ аруы-2019» отбасы мен әріптестері арудың қазасын растап отыр.