Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары тұрақты жүргізілуде

496

Тұрғындардың індетке қарсы иммунитетін көтеру жұмысы тиімді ақпараттық түсіндіру шараларымен қатар жүруі керек. Өйткені, ұжымдық иммунитет қалыптаспай, санитарлық шектеуді толығымен алып тастау мүмкін емес. Қызметкерлермен және олардың отбасы мүшелерімен түсіндіру жұмысын жүргізу қажет. Бұл туралы коронавирус індетіне қарсы іс-қимыл жөніндегі жиын барысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.
Осы орайда, Т.Рысқұлов ауданы көлемінде коронавирус індетіне қарсы күнделікті ақпараттық-түсіндірме жұмыстары тұрақты жүргізілуі жалғасуда.
Т.Рысқұлов ауданына қарасты 15 ауылдық округте коронавирусқа қарсы шараларды халыққа кеңінен түсіндіру мақсатында құрылған ақпараттық түсіндіру тобы шалғай орналасқан ауылдарда халық көптеп жиналатын орындар, дәріханалар, азық-түлік дүкендерінде санитарлық-эпидемиологиялық жұмыстарының сақталуын қадағалап, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Дүкен иелеріне санитарлық талаптарды қатаң сақтауға шақырды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.