АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ

181
Бүгін Жамбыл облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментімен 2024 жылы білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптары сәйкестігіне тексеру өтетін қала және аудандық білім беру ұйымдарымен семинар өткізілді.
Семинарда Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 24 қарашадағы «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, діни білім беру ұйымдарының білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы» № 473 бұйрығымен
бекітілген біліктілік талаптары түсіндірілді.
2024 жылы біліктілік талаптары сәйкестігіне тексеруден өтетін білім беру ұйымдарының тізімі Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің м.а. 2023 жылғы 8 желтоқсандағы №366 бұйрығымен бекітілген.
Облыс бойынша 39 мектеп біліктілік талаптары сәйкестігіне тексеруден өтеді. Әріптестерге әрбір талап бойынша ақпараттық-түсіндіру жүргізіліп, бағыт-бағдар берілді.
Сұрақтар жағдайда 56-94-01 телефон нөміріне хабарласуға болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.