АРДАГЕРЛЕР ДОП ДОДАСЫНДА БАҚ СЫНАДЫ

65
Бүгін ауданымызда «Локомотив» футбол командасының сапында ойнаған, Жамбыл облысының чемпионы, теміржолшылар арасында бірнеше дүркін жүлдегер, республикалық және облыстық турнирлердің жеңімпазы атанған ардақты азамат Тілеуберді Байдаулетовты еске алуға арналған ардагерлер арасында кіші футболдан ашық турнир өтті.Возможно, это изображение 5 человек и текст
Аудан әкімі Бақытжан Жәнібеков доп додасының ашылу салтанатында қатысушы командаларға сәттілік тіледі. Сондай-ақ, Т.Байдаулетовтың туған-туыстары да өздерінің жылы естеліктерімен және лебіздерімен бөлісті.Возможно, это изображение 14 человек, люди играют в волейбол и текст
Тартысқа толы ойында «Ардагерлер» командасы бірінші орын алып, жеңіс тұғырынан көрінді. Ал екінші орынды «Достар» командасы иеленсе, үздік үштікті «Ақсақалдар» командасы мен Д.Қонаев ауылының атынан келген азаматтар түйіндеді. Жарыс жеңімпаздарына ұйымдастырушылар тарапынан тағайындалған бағалы сыйлықтар мен арнайы кубоктар табыс етілді.

Шу ауданы әкімдігі

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.