Республика деңгейінде жарияланған «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының «Киелі мекен» апталығы аясында
Айшабибі кесенесінің аумағанда
тал егу, әктеу, тазалау жұмыстары жүргізілді.
Акцияға аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлы, ауыл тұрғындары, еріктелер, жастар қатысып, ауыл гүлденуіне біркісідей атсалысты.
Шарада сөз алған аудан басшысы:
– Әлемдегі сәулет өнерінің көрнекті ескерткіші – Айша бибі кесенесі аумағында бүгін үлкен игілік жасалуда. Ауыл халқын ынтымақ пен бірлікке, елдік пен елжандылыққа, еңбек дәстүрлерін дәріптеуге үндейтін еңбек мерекесі бұл. Өзіміз тұратын елді мекенді көріктендіруге, ауыл ажарын ашуға, жол бойларын ретке келтіріп, санитарлық тазалық сақтауға бәріміз ұйымшылдық пен баршамыз атсалысқанымыз абзал. Ауылдарымыз ажарланып, гүлдене берсін, — деді Ерлан Қыдыралыұлы өз сөзінде.
Экологиялық акциясы аясында кесене аумағына 50 түп жеміс ағаштары мен 20 түп туя ағаштары отырғызылып, тазалық жұмыстары жүргізілді.