АРДАГЕРЛЕР АРАСЫНДА АУДАНДЫҚ СПАРТАКИАДА ӨТТІ

41
Елімізде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен бұқаралық спортты дамытуға үлкен мүмкіндіктер жасалуда. Ауданымызда да бұқаралық спортты дамытуға, салауатты өмір салтын қалыптастыруға айрықша көңіл бөлініп келеді.
Оның ішінде, аудан ардагерлері арасында да спорттық жарыстар ұйымдастырылып отырады. Ардагерлеріміздің сүйікті спорт түрлерінен бақ сынасуына мүмкіндік жасалынып, жарыстар өткізу дәстүрлі түрде жолға қойылған. Спортсүйер аға- апаларымыздың жарысқа құлшыныспен келіп, қатысып жатқаны көңіл қуантады. Өйткені, спорттық шаралар біріншіден, ардагерлерге күш-қуат берсе, екіншіден, жас ұрпаққа үлгі өнеге.
Бүгін Жаңатас қаласындағы спорт кешенінде Жамбыл облысының 85 жылдығы және 9 мамыр Ұлы Жеңіс күні мерекесіне орай, аудан ардагерлері арасында спорт түрлерінен аудандық спартакиада өтті.
Жарыстың ашылу салтанатына аудан әкімі Сәкен Мамытов арнайы қатысып, құттықтау сөз сөйледі. Бүгінгі ұйымдастырылып отырған жарыстың маңыздылығына тоқталып, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.
Бұдан кейін Сарысу аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жанат Жұмаділдаев сөз сөйлеп, жарыстың ашылуымен құттықтады.
Аудандық спартакиадаға 7 команда қатысып, бақ сынады. Жарыс шахмат, дойбы, нысана көздеу (дартс), үстел теннисі, асық ату, тоғызқұмалақ, бильярд сияқты спорт түрлерінен өтті.
Тартысты өткен жарыста Жаңаарық ауылдық округінің командасы 1-ші орынды, Байқадам ауылдық округінің командасы 2-ші орынды, Жайылма ауылдық округінің командасы 3-ші орынды иеленді.
Командалық есеп бойынша жарыс жеңімпаздары және жекелген спорт түрлері бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер ұйымдастырушылар тарапынан медальдармен, дипломдармен және сыйлықтармен марапатталды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.