«Академиялық адалдық қағидаттары және оларды сақтау жолдары»

28

Тараз қаласындағы Өмірбек Жолдасбеков атындағы №50 мектеп базасында педагогтарға арналған «Академиялық адалдық қағидаттары және оларды сақтау жолдары» тақырыбында дәріс өтті.


Іс-шара Жамбыл облысы әкімдігінің ақпарат және қоғамдық даму басқармасы мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында жүзеге асырылды.
Дәріске мектеп ұжымы мен педагогтар қатысып, академиялық адалдықтың мәні, оның білім беру сапасына әсері және оны сақтау тетіктері кеңінен талқыланды. Іс-шараның спикерлері – Тараз қалалық мәслихатының депутаты Әсел Жапарова Әбілханқызы және «Әділдік жолы» РҚБ Жамбыл облыстық филиалының жетекшісі Назима Жұбандықова болды.
Спикерлер өз баяндамаларында академиялық адалдықтың негізгі қағидаттарына тоқталып, плагиаттың алдын алу, әділ бағалау жүйесін қалыптастыру, білім беру процесінде ашықтықты қамтамасыз ету мәселелерін жан-жақты түсіндірді. Сонымен қатар, педагогтардың кәсіби қызметіндегі жауапкершілігі мен үлгілік рөлі ерекше атап өтілді.
Дәріс барысында қатысушылар тақырыпқа қатысты пікір алмасып, тәжірибелік сұрақтарын қойды. Ашық форматтағы кездесу педагогтардың кәсіби біліктілігін арттыруға және адалдық қағидаттарын күнделікті тәжірибеде қолдануға бағытталды.
Іс-шара қорытындысында академиялық адалдықты сақтау – сапалы білім мен әділ қоғам қалыптастырудың негізгі шарты екені атап өтілді.
Аталған дәріс «Адал қоғам» ҚБ ұйымдастыруымен өтті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.