«Ақ орамал» акциясы өтті

187

Ағымдағы жылдың тамыз айының 27 жұлдызы күні Меркі ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен «Семей» полигонының жабылуының 30 жылдығына және Ата Заңымыздың 26 жылдығына, Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай «Ақ орамал» акциясы өтті.

Шараның басты мақсаты Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 9 ақпандағы «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңын іске асыру, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын іске асыру, жастар арасында мерекені атап өту.

«Ақ» сөзі қазақ халқында қасиетті ұғымді білдіреді. Сондықтан да, нәресте өмірге шыр етіп келгеннен бастап, оның өмірі ақ жолға толы болсын деген ниетпен, акция аудандық перинетарлық орталықтан бастау алып, АХАЖ бөліміне жол тартты. Әрі ақ орамалдың киелілігін қазақ халқы бұрыннан қастерлеген. Жаугершілік заманда, аналарымыз ақ жаулықтарын ортаға тастап, екі елді бітімге шақырған екен. Осы жолғы шара да сол іздің жалғасы деугеде болады.

Шара барысында, Мерік аудандық орталық кітапхананың директорының орынбасары Буркитбаева Айман Джойкимбековна мен «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің қызметкерлері АХАЖ бөліміне неке куәлігін алуға келген жас жұбайлар мен аудандық аурухананың «Перзентхана» бөліміндегі аналарды құттықтап, ақ орамал жауып, арнайы сый-сыяпат табыстады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.