ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕСТІҢ МҮШЕСІ №3 БАЙЗАҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ ҰЖЫМЫМЕН ЖӘНЕ БІЛІМГЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

83
Әдеп жөніндегі кеңестің көшпелі отырысын өткізу аясында кеңес мүшесі, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің Басқарма мүшесі-инфрақұрылымды дамыту жөніндегі проректоры С.Ж.Салемов №3 Байзақ колледжінің оқытушылық құрамымен және білімгерлерімен кездесті.
Іс-шара барысында болашақ мемлекеттік қызметшілер білім алып жатқан оқу орнында өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениетін және парасаттылық атмосферасын қалыптастырудың маңыздылығы, сондай-ақ жалпыға бірдей моральдық-әдептілік нормалардың сақталуы сөз етілді.
Одан бөлек, мемлекеттік қызметтің және мемлекет саясатын жүзеге асыратын әрбір мемлекеттік қызметшінің, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің және Әдеп жөніндегі кеңестердің рөлі жөнінде жас білімгерлерге тың ақпарат берілді.
Сондай-ақ, спикер жастарды құмар ойындардан алшақ болуға шақырды.
Жиын соңында Серік Жақсылықұлы қатысушыларды жеке сұрақтары бойынша қабылдап, әдептілікті күнделікті әдетке айналдыруға шақырды.

 

Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері департаменті

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.