Абай облысында жолаушылар автобусы жолдан шығып кетті

398

Абай облысының Үржар ауданында Мақаншы ауылынан 35 шақырым жерде, қатты желдің салдарынан 31 жастағы коммерциялық жолаушылар автобусының жүргізушісі рульді басқара алмай 17 жолаушымен жолдан шығып кетті.

Алматы, NEGE. Жол-көлік оқиғасы салдарынан ауруханаға 2 адам жүгінді.

Автобус Қабанбай батыр ауылы — Алматы бағытымен жүрген.

Қазіргі уақытта тиісті сараптамалар тағайындалды, олардың нәтижелері бойынша процестік шешім қабылданатын болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.