Астанада ер адам өзінің бұрынғы жұмыс орнына ұрлыққа түскен

87

Астанада қызметкер өзінің бұрыңғы жұмыс орнына ұрлыққа түскен, деп хабарлайды  Polisia.kz.

Алматы, NEGE.  Астана қаласы ПД Алматы ауданы ПБ криминалдық полиция қызметкерлері ұрлық жасады деген күдікпен 18 жастағы жігітті анықтады. Елорда тұрғыны полицияға жүгініп, белгісіз біреу түнгі уақытта Алматы ауданында орналасқан кафеден ұрлық жасағанын айтып арызданған. Тергеу барысында күдіктінің сағат 23:45 шамасында пластикалық терезені бұзу арқылы кафеге кіріп, кассаны және қызметтік телефонды алып шыққаны белгілі болды.

Анықталғандай жас жігіт аталған мекемеде бұрын жұмыс істегендіктен кассаны алып шығу қиынға соқпаған. Келтірілген шығынның жалпы сомасы 160 мың теңге.

Аталған фактіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта ол Астана қаласы ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Оның елорда аумағында жасалған басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріледі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.