Теңге жыл соңына дейін өз деңгейін сақтайды

1 455

Биыл Үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы шеңберінде 102 жаңа нысан іске қосылады деп жоспарланған. Олардың жалпы құны – 1 трлн теңгеден асады. Бағдарлама игілігі орасан. Жыл басынан бері құны 283,6 млрд теңге болатын 46 жоба қолға алынды. Олардың жартысынан көбі қазір тиімді жұмыс істеп жатыр.

ҮИИДБ бойынша 2019 жылы өңдеу өнеркәсібі өнімдерінің экспортын 2015 жылға қарағанда 19 пайызға, еңбек өнімділігін 22 пайызға, саладағы инвестиция көлемін 4,5 трлн теңгеге арттыру мақсат. Бағдарлама қолға алынғалы құны 6,6 трлн теңгеден асатын 1148 жоба жүзеге асырылды. Биыл жоспарланған 102 жобаның жартысынан астамы іске асты. Олардың жалпы құны – 283,6 млрд теңге. Тағы 56-сы кезегін күтіп тұр. Жобалардың жүз пайыз кәдеге жарамай жатқаны да бар. Мысалы, биыл қолданысқа берілуі тиіс жобалардың 50 пайызы тиімді жұмыс істеп тұр. Төртеуі төменгі жүктемені місе тұтқан. 8 жоба белгілі мәселелерге байланысты бос тұр. Тағы 13-і бастапқы мақсатты орындаудан мүлде бас тартқан. Экономист Арман Байғанов теңгенің жыл соңына дейін ағымдағы деңгейін сақтайтынына сенімді. Бұл – ОПЕК мүшелерінің мұнайды игеруді қысқарту бойынша шешіміне орай жасалған пайым. Мұнай игеруші елдер тәулігіне қара алтынды өндіруді 1 млн 200 мың баррельге дейін азайтпақ. Оның 800 мың баррелі ОПЕК елдеріне тиесілі. Тек Иран мен Венесуэла АҚШ пен Ливия арасындағы санкцияға орай орын алған тұрақсыздыққа байланысты бұл тізімде жоқ. Мұндай келісім 2019 жылдың сәуіріне дейін қайта қарау мүмкіндігімен 6 жылға жасалды. «Ал теңге мен Ресей рублінің нығаюына АҚШ-тағы жағдай әсер еткен», – дейді сарапшы.

Экономист Арман Байғанов теңгенің жыл соңына дейін ағымдағы деңгейін сақтайтынына сенімді. Бұл – ОПЕК мүшелерінің мұнайды игеруді қысқарту бойынша шешіміне орай жасалған пайым. Мұнай игеруші елдер тәулігіне қара алтынды өндіруді 1 млн 200 мың баррельге дейін азайтпақ. Оның 800 мың баррелі ОПЕК елдеріне тиесілі. Тек Иран мен Венесуэла АҚШ пен Ливия арасындағы санкцияға орай орын алған тұрақсыздыққа байланысты бұл тізімде жоқ. Мұндай келісім 2019 жылдың сәуіріне дейін қайта қарау мүмкіндігімен 6 жылға жасалды. «Ал теңге мен Ресей рублінің нығаюына АҚШ-тағы жағдай әсер еткен», – дейді сарапшы.

Қазақстанда шетелден келіп білім алатын студенттердің санын 40 мыңнан асыру көзделген. Басты мақсат – ауқымды білім беру хабын құру. Биылғы оқу жылында елімізде 14 мыңға жуық шетелдік студент білім алуда. Айта кетерлігі, олардың дені Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдерден келген. Бұған қоса еліміз медициналық мамандықтар бойынша үндістандық студенттерді көбейтуге ниетті. Ал біздің магистранттар мен докторанттарды IT бағыттар бойынша үнді еліне жіберу келісілді.

Жалпы биылдан бастап, оқу орындарына 74 мың грант бөлінеді. Осы ретте шетелдік оқу орындары қазақ тәлімгерлерін тегін білім беру бағдарламаларымен тәнті етуде. Бұл қатарда Германияның – 180, Францияның – 53, Норвегияның – 7, Чехияның – 24, Грекияның 24 университеті бар.

Bloomberg дамып келе жатқан экономикалық елдерді сарапқа салды. Көш басында Малайзия. Ресейліктер екінші тұғырға көтерілді. Қытай үшінші орында. Айта кетерлігі, Ресей үздік нәтижеге былтырғыдан 5 сатыға жоғарылап жетті. Сарапшылар бұған экономикалық санкция аясында арта түскен ЖІӨ-нің үлесі зор екенін айтады. Ал Түркия, керісінше, көрсеткіші құлдырап, соңғы 20 орыннан көрінді. Ондық қатарындағы елдердің алтауы Азияда орналасқан.

24.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.