Жамбыл облысы əкімдігі ішкі саясат басқармасы «Өңірлік коммуникациялар қызметі» алаңында облыс әкімдігі қаржы басқармасының басшысы Роза Исаеваның қатысуымен баспасөз конференциясы өтті. Роза Әбдірқызы бюджеттің кіріс бөлігі — облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының негізі туралы баяндап, журналистердің сұрақтарына жауап берді.
Роза Исаеваның айтуынша, ағымдағы жылдың 10 айының ішінде 2018 жылғы облыс бюджеттің кіріс бөлігі, трансферттермен қоса есептегенде 101,9%-ға, оның ішінде өз кірістері 109,4%-ға орындалған.
Бюджетке 206,6 млрд. теңге сомасында кірістер түсті, оның ішінде меншікті кірістер сомасы 45,5 млрд. теңгені құрады. Кірістердің жоспарын орындау бойынша облысымыз басқа облыстармен салыстырғанда, 4 көрсеткішті көрсетіп отыр.
Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда, меншікті кірістердің өсімі 113,3%-ға қамтамасыз етілді немесе жоспардан артық 5,4 млрд. теңге түсті. Меншікті кірістер жылдан жылға артып келеді.