Павлодарда 8 жастағы баланың аяғы ойын алаңында қысылып қалды

46

ТЖМ
Павлодарлық құтқарушылар балалар алаңында аяғы қысылып қалған 8 жастағы балаға көмек көрсетті, деп хабарлайды turkystan.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

112 қызметінің пультіне Павлодар қаласындағы Лермонтов көшесінде орналасқан балалар алаңында 8 жастағы баланың қысылып қалғаны туралы хабарлама келіп түскен.

Оқиға орнына ТЖМ жедел-құтқару жасағының құтқарушылары шұғыл жетіп, баланы балалар алаңының қысылып қалған элементінен босатты.

Балаға медициналық көмек қажет болмаған.

Толық нұсқасына гиперсілтеме беруді ұмытпаңыз: https://turkystan.kz/article/286287-pavlodarda-8-zastagy-balanyn-aiagy-oiyn-alanynda-qysylyp-qaldy

Leave A Reply

Your email address will not be published.