Шавкат Рахмоновтың әкесі дүниеден өтті

84

Әлеуметтік желіден
Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмоновтың әкесі Бақтыбай Рахманұлы Алпамысов қайтыс болды.

Бұл туралы спортшының қарындасы Сора Рахмонова әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

Жарияланған мәліметке сәйкес, марқұмның рухына арналған бейсенбілік Құран асы 13 тамыз күні сағат 18:00-де өтеді.

«Қатысуларыңыз – марқұмның рухына дұға, біздерге үлкен қолдау. Алла Тағала қабыл етсін! Әмин», – делінген жазбада.

Бақтыбай Рахманұлы – танымал қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов пен спортшы Сара Рахмонованың әкесі.

Толық нұсқасына гиперсілтеме беруді ұмытпаңыз: https://turkystan.kz/article/286271-savkat-raxmonovtyn-akesi-dunieden-otti

Leave A Reply

Your email address will not be published.