Түркістан облысында жолаушылар пойызының вагоны рельстен шығып кетті

71

istockphoto
Түркістан облысында «Саратов — Алматы» жолаушылар пойызының вагоны рельстен шығып кетті.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ оқыс жағдайға техникалық ақаулар себеп болғанын хабарлады.

«16 маусымда сағат 12:49-да Шиелі-Түркістан учаскесінде Саратов пен Алматы арасында жүретін №7/8 жолаушылар пойызының вагонының жұп дөңгелегі техникалық ақауларға байланысты рельстен шығып кетті», — деп жазылған хабарламада.

Компанияда хабарлағандай, жолаушыларға медициналық көмек ұсынылды, бірақ олар көмектен бас тартқан.

Төтенше жағдайдың салдарын жою және қызмет көрсетуді қалпына келтіру үшін оқиға орнына жедел түрде қалпына келтіру пойызы жіберіліп, жолаушыларды тасымалдау үшін қосымша пойыз белгіленген.

«Жолаушыларды отырғызу және жөнелту жұмыстары жедел ұйымдастырылды», — дейді компанияда.

Толық нұсқасына гиперсілтеме беруді ұмытпаңыз: https://turkystan.kz/article/283128-turkistan-oblysynda-zolausylar-poiyzynyn-vagony-relsten-sygyp-ketti

Leave A Reply

Your email address will not be published.